Алматыдағы стадион Дженнифер Лопестің концертіне дайын болмай шықты
Әкім орталық стадионды жаңғыртуды тапсырды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Орталық стадионның жағдайын тексерді. Бұл – қаладағы басты спорттық әрі мәдени нысандардың бірі. 10 тамызда дәл осы стадионда Дженнифер Лопес концерті өтеді, ал қыркүйекте атақты Backstreet Boys тобы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алайда нысан мұндай деңгейдегі іс-шараларға дайын болмай шықты.
Инфрақұрылым тозған: әкімі жедел шешім қабылдады
Тексеру барысында әкімге стадионның күрделі жөндеуді қажет ететіні туралы баяндалды. Қазір оның сыйымдылығы 23 мың орынға дейін қысқарған, ал бастапқыда 35 мың көрерменді қабылдай алатын.
Мәселе тек аренаның ішінде ғана емес:
- Жаяу жүргіншілер жолдары — театр мен циркке баратын бағыттар — бұзылған;
- Қоғамдық кеңістіктерге қолжетімділік пен қауіпсіздік деңгейі төмендеген;
- Дәретханалар, көлік тұрақтары, кіреберіс жолдары — барлығы ескірген.
«Орталық стадионды ретке келтіру қажет. Барлық инфрақұрылымды – дәретханадан бастап, жаяу жүргінші жолдарына дейін – заманауи талаптарға сай жаңарту керек. Бұл – халық көп жиналатын қоғамдық нысан, сондықтан ол ыңғайлы, қауіпсіз және қолжетімді болуы тиіс», – деді әкім Дархан Сатыбалды.
Стадионға цифрлы билет жүйесі енгізіледі
Алматы әкімі билеттерді есепке алатын цифрлы жүйе орнатуды тапсырды. Бұл жаңалық билет операторларымен толық интеграцияланған жүйе арқылы стадионға келушілер ағынын оңтайлы басқаруға мүмкіндік береді.
Орталық стадион тарихы
- Алматының Орталық стадионы 1958 жылы салынған.
- Ол кезде КСРО құрамындағы ең ірі спорттық нысандардың бірі болған.
- Бүгінгі таңда ол – спорт жарыстары мен халықаралық концерттер өтетін көпфункционалды алаң.
Мега концертке дайындық қызу
Айта кету керек, Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында осы жазда Қазақстанның астанасында өнер көрсетеді. «Астана концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Үкімет отырысында осы шараның Қазақстанға пайдасы туралы айтып берді. Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев Дженнифер Лопестің Астанада болатын концертіне бармайтынын айтты. Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне пікір білдірді.
Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билеттері сатылымға қашан шығатыны белгілі болды. Кейін Дженнифер Лопестің концертіне билет сататын сайт «құлап қалды». «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Астанаға неге дәл Дженнифер Лопестің келе жатқанын түсіндірді. Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінің билеттері бірнеше сағатта бітіп қалды. Freedom Ticketon компаниясы Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билетті басқа сайттардан сатып алудың салдары қандай болатынын түсіндірді. Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билет сатып алған шамамен 200 көрерменге толық өтемақы қайтарылады. Freedom Ticketon Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып алу кезінде туындаған мәселелерге қатысты қабылданған шешімдерді мәлім етті. Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопес әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадағы «Бәйтерек» монументінің алдында билеген қыздардың видеосын жариялап, қазақстандықтарды таң қалдырды. Freedom Holding Corp компаниясының басшысы Тимур Турлов әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне билеттер сатыла бастағаннан кейін холдингтің құрамына кіретін Тикетон билеттерін сату қызметінің мәліметтер базасының ақаулары туралы айтты.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне билет алғанын айтты. Одан кейін Дженнифер Лопес Қазақстанның бір емес, екі қаласында концерт беретіні белгілі болды. Әлемдік әншінің Алматыдағы концертіне арналған билет сатыла бастады. Tiketon.kz сайты сатып алғысы келген адамдарды онлайн кезекке қойды.