11.04.2025, 11:07
Әлем
Дженнифер Лопестің концертіне билет сататын сайт «құлап қалды»
Сайт 11:00-ге дейін істен шыққан
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy
Астанада 1 тамыз күні өтетін әлемдік әнші Дженнифер Лопестің концертіне билет сағат 11:00-де сатылымға шығуы керек еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанда алғаш рет өтетін концерттің билеттері www.ticketon.kz сайтында сатылымға шығуы керек болатын. Алайда сағат 11:00 болмай, сайт «құлап қалған».
Олар билет сатып алатын нөмірлерді көрсетіп, техникалық себептерге байланысты сайт уақытша жұмыс істемейтінін жазған.
Концерт «Астана Арена» стадионында өтеді.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 06:23
Ақтөбеде ауладағы шуға бола жасөспірімді ұрған ер адам сотталды
