Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті

Өрт таңға жақын басталған

Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
Фото: скриншот

Бүгін, 26 қараша күні түнде Алматы қаласында жер үй өртеніп, бес адам тірідей жанып кетті. Олардың арасында бір бала бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті растады. Дереккөзге сүйенсек, өрт туралы ақпарат таңға жақын, сағат  03:44-те түскен.

«Өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін 4 минуттан соң оқиға орнына жетті. Ол кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, жалын дес бермей кеткен. Өрт сағат 04:42-де толық сөнді», - деп хабарлайды Алматы қаласының ТЖД.

Өрт сөндірушілер оқиға орнынан бес адамның, соның ішінде бір баланың денесін тапқан. Олардың қандай да бір туыстық қатынасы туралы және жастарына қатысты ақпарат жоқ. Тиісті органдар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.