Төрағасы – Смайылов: Тоқаев «Халықтық құрылыстың» қаражатын бақылайтын комиссияның құрамын бекітті
Тиісті Жарлықты Ақорда жариялады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың ресми сайтында комиссияның толық құрамы жазылған. Комиссия Тоқаевқа әр тоқсан сайын және жылына бір рет жылдық есеп ұсынып отыруға міндетті.
Жалпы, дереккөзге сүйенсек, бұл мемлекеттік комиссияның міндеті – Бағдарлама жобаларының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттік тәуекелдерге, бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.
«Бағдарламаны іске асырудың жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алынады. Мемлекеттік комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құнына және заңдылығына мониторинг жүргізіп, тәуекел деңгейі жоғары жобаларды анықтайды және кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді», - деп хабарлайды Ақорда.
Комиссияның төрағасы болып Жоғары аудиторлық палатының төрағасы Әлихан Смайылов тағайындалған. Ақорда мәлімдегендей, мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде ЖАП белгіленіп отыр.
«Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді. Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді», - деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, комиссия құрамында нақты 47 нақты тұлға мен лауазымды басшы бар, ал өңірлік мәслихат төрағаларын қоса есептегенде жалпы саны 67 адам бар.
Толық есебі мынадай:
Лауазымы бойынша енген мемлекеттік орган басшылары — 9 адам:
- ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы (Комиссия төрағасы)
- ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (төраға орынбасары)
- ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы
- ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
- ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
- ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
- ҚР Бас Прокурорының орынбасары
- ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары
- ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері, (38 адам):
- Аймұрзина Айнұр Жеңісбекқызы
- Айтуғанов Қайрат Қапарұлы
- Антоненко Андрей Иванович
- Байрамуков Ислам Ильясович
- Баткеев Біржан Бақытбекұлы
- Бекбауов Нұрбек Серікұлы
- Беркімбаев Берік Серікұлы
- Годунова Наталья Николаевна
- Есімханов Сұңғат Қуатұлы
- Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы
- Захарчук Вера Николаевна
- Зенченко Геннадий Геннадьевич
- Изюмников Владимир Николаевич
- Исмаилов Акбаржон Яхияхожаевич
- Каринова Шолпан Таңатқызы
- Ким Вера Александровна
- Күнәділов Төлеген Нығыметжанұлы
- Кучинская Юлия Владимировна
- Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы
- Қалтаева Ләззат Молдабекқызы
- Қасымбаев Мейірхат Мейрамханұлы
- Қожаев Марат Шәдетханұлы
- Лукин Андрей Иванович
- Манжанова Ирина Рихардовна
- Мусин Манат Айтбайұлы
- Нұралдинов Олжас Елтайұлы
- Перепечина Ольга Валентиновна
- Пономарёв Сергей Михайлович
- Сағынов Замир Садықұлы
- Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы
- Ташқынбаев Ренат Фаритұлы
- Үлжекова Нұргүл Төленқызы
- Шин Андрей Антонович
- Шиповских Геннадий Геннадиевич
- Шони Риат Жабайұлы
- Шөжеева Азиза Тимурқызы
- Шөнеев Сәлімбай Егембердіұлы
- Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы
Өңірлік өкілдер – 20 адам:
«Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының төрағалары» деген тармаққа еліміздегі 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаланың (Астана, Алматы, Шымкент) мәслихат төрағалары кіреді.
