Төрт жыл ішкі істер министрінің орынбасары болған Игорь Лепеха жұмысынан кетті
Тиісті Жарлыққа президент қол қойды
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің құрамында біраз ауыз-түйіс жасады. Өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаевтан кейін Тоқаев Ішкі істепр министрінің орынбасары Игорь Лепеханы лауазымынан босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», - деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, Лепеха бұл қызметке осыдан 4 жыл бұрын, 2022 жылдың 6-қазаны күні тағайындалған болатын.
Оқи отырыңыздар: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан Темір жолы» басшыларын ұстап алғаннан кейін оқиға орнына шақырумен жеткен полиция далада шашылып жатқан бірнеше чемодан долларды тауып, оны видеоға түсіріп, желіге таратып жіберген. Полиция қызметкерлерінің осы әрекетінен кейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қызметтік ескерту алған.
