Доллар шашқан Отыншиевтің орнына «Қазақстан темір жолын» енді Ерсайын Нағаспаев басқаратын болды
Бүгін Тоқаев Нағаспаевты Өнеркәсіп министрі лауазымынан босатқан еді
Бүгін ғана Өнеркәсіп министрі лауазымын босатқан Ерсайын Нағаспаев енді атышулы компания – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясын басқаратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл шешімді Самұрық-Қазына қорының акционерлері қабылдаған.
Айта кетейік, жуырда Ұлттық қауіпсіздік қызметі «Қазақстан темір жолы» компаниясының бұрынғы басшысы Елжас Отыншиевті пара алды деген күдікпен Астанада қолға түсірген болатын. Оның қасында «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов та болған.
Оқи отырыңыздар: Астананың аспанынан доллар лақтырған Жақыпов пен Отыншиевтің қайда отырғаны белгілі болды
Жалпы ақпарат, білімі
Ерсайын Нағаспаев 1980 жылы 28 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келді.
«Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді (2001).
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарған.
Мансабы
Нағаспаевтың еңбек жолы Теміртау қаласы әкімі аппаратының жетекші маманынан (2001-2002) басталды, ҚР Сыртқы істер министрлігінің атташесі, Инвестициялар комитетінің атташесі (2002-2003), Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы (2003-2006) қызметін атқарған.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы, директордың орынбасары (2006-2007), «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК басшысының орынбасары, аппарат басшысы (2007-2009), ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Әкімшілік жұмыс, Мемлекеттік жұмыс, Мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары (2009) болған. ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі (04.11.2009), Қарағанды қаласы Қазабек би атындағы аудан әкімінің орынбасары (12.2009-12.2010), Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі (12.2010-01.2011), Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі (01.2011-01.2013) лауазымдарын атқарған. Астана қаласы әкімінің орынбасары (01.2013-11.2014), «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы (12.2014-2016), «Новострой Астана» ЖШС директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары (2016-2020), «ҚТЖ» ҰК» АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры (04.2021-01.2022) болып жұмыс істеген.
Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.
