$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2025, 06:32
Әлем

Трамп Қытайға баж салығын 104%-дан 125%-ға көтерді

Ал Қытайдың Қаржы министрлігі АҚШ-тан импортталатын барлық тауарға қосымша 84 пайыздық баж салығын жариялады

Трамп Қытайға баж салығын 104%-дан 125%-ға көтерді
Фото: pixabay

Дональд Трамп АҚШ Қытайдан келетін тауарларға салынатын сауда бажын 104-тен 125%-ға дейін көтеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.

Басқа елдерге импортқа 10 пайыздық баж салығы үш айға енгізіледі.

"Қытайдың жаһандық нарықтарды құрметтемеуіне жауап ретінде мен АҚШ-тың Қытайға салатын баж салығын 125%-ға дейін көтеріп жатырмын, ол дереу күшіне енеді. Жақын арада Қытай АҚШ пен басқа елдерді тұқыртуға болмайтынын түсінеді деп үміттенемін", - деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Ол сондай-ақ 75-тен астам ел АҚШ-тан тарифтер бойынша келіссөздер жүргізуді сұрағанын және бұл елдерге кейінге қалдыру шарасы енгізілгенін, ол да дереу күшіне енетінін және 90 күнге қолданылатынын айтты.

«Мен 90 күндік үзіліс пен осы кезеңде өзара тарифті 10%-ға айтарлықтай төмендетуге рұқсат бердім», - деп толықтырды АҚШ басшысы.

Бейжің кеше «соңына дейін күресетінін» айтып, жауап ретінде америкалық тауарларға 34 пайыздық тариф енгізді, ал сәрсенбіде Қытайдың Қаржы министрлігі АҚШ-тан импортталатын барлық тауарға қосымша 84 пайыздық баж салығын жариялады. Олар 10 сәуірден бастап күшіне енеді.

Сәрсенбі, 9 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиын өткізді. Онда әлемдік нарықтағы тарифтік қақтығыстардың салдарынан энергетика ресурстары және негізгі тауарлар бағасының құлдырауына байланысты ел экономикасында қалыптасқан ахуал қаралды.

Серіктес жаңалықтары