Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады

Еліміздің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ орнайды

Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады
Фото: istockphoto.com

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Осы күні еліміздің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ орнайды.

«Республиканың орталығы мен оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Елімізде жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі», – делінген «Қазгидромет» болжамында.

Ауа температурасы төмендегідей болады деп болжанып отыр:

  • Солтүстік-батыста: күндіз +10…+22°С;
  • Солтүстікте: түнде -1…-6°С, күндіз +3…+13°С;
  • Орталықта: түнде -6…+3°С, күндіз +4…+15°С;
  • Шығыста: түнде -5…+5°С, күндіз -1…+9°С;
  • Оңтүстік-шығыста: түнде +5…+10°С, таулы аудандарда -2…+3°С, күндіз +10…+22°С, таулы аудандарда +5…+10°С.