Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Ол тұрғындардың ортақ ақшасын барлар мен дүкендерде жұмсап, шығынды кейін толық өтеген

Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: istockphoto.com

Павлодарда көпқабатты үйдің ПИК төрағасы тұрғындардың ортақ шотынан бір жыл ішінде 2,5 миллион теңге жұмсаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Irbistv.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәліметке сәйкес, ер адам 2023 жылдың желтоқсанында Ломов көшесіндегі көпқабатты үйдің мүлік иелері бірлестігінің (ОСИ) төрағасы болып сайланған. Алайда арада алты ай өткенде, 42 жастағы павлодарлық тұрғындардың ортақ ақшасын жеке қажетіне жұмсай бастаған.

Тергеу барысында оның 2024 жылғы маусымнан 2025 жылғы мамырға дейін пәтер иелеріне тиесілі банк шотын пайдаланғаны анықталған. Ол қаражатты барларда, асханаларда, кондитерлік дүкендерде, сыраханаларда, азық-түлік және ет дүкендерінде жұмсаған. Кейде банкомат арқылы қолма-қол ақша да шешіп отырған.

Бұл жағдай бір жылдан кейін әшкереленген. Ол кезде ер адам аталған үйде тұрмайтын болған.

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысында жәбірленуші тараптың өкілі сот отырысында істі тоқтату туралы өтініш бергені көрсетілген. Бұған айыпталушының келтірілген шығынды толық өтеуі себеп болыпты. ПИБ өкілінің оған ешқандай талабы жоқ екені айтылды.

Сот тараптарға қылмыстық істі тоқтатудың құқықтық салдарын түсіндірді.