Аягөзде ресейлік туристер балаларын жоғалтып алды
Балаларды өздері таба алмаған соң тәртіп сақшыларынан көмек сұраған

Абай облысында полицейлер туристердің жоғалған балаларын іздеп тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Үйдің ауласында жоғалған
Қазақстанда демалып жүрген Ресей Федерациясынан келген отбасы жолай Аягөз қаласына аялдаған. Сол сәтте балалар әжесімен бірге көліктен түсіп, жақын маңдағы көпқабатты үйдің ауласына ойнауға кеткен.
«Алайда біраз уақыт өткен соң әжесі немерелерін таппай қалған. Балалардың жоғалғанын білген ата-анасы бірден полицияға хабар берді», - деп жазылған хабарламада.
Ақпарат түскен бойда Аягөз аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын бастады.
Балалар аман-есен табылды
Тәртіп сақшылары Ақтамберді көшесі бойындағы бірнеше ауланы мұқият қарап шығып, көп ұзамай балаларды көрші аулардың бірінен аман-есен тапты.
Туристер полиция қызметкерлеріне жедел әрі кәсіби әрекеттері үшін шынайы алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, туристер Жасыбай көлінің қарама-қарсы жағалауында қалып қойған болатын. Құтқарушылар бес демалушыны эвакуациялады. Кенеттен күшейген желдің салдарынан олар өздігінен кері қайта алмаған.