«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)

Оқиға «Райымбек» пен «Абай» станцияларының арасында метро вагонында болған

«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматы метросында бойжеткен мен жас жігіт арасында жанжал пайда болып, бұл іске соңында полиция араласты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Даулы жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Онда бойжеткеннің АҚШ азаматы екенін айтқан сәтін, ал жас жігіттің жұдырық ала жүгіріп, тұра ұмтылмақ болғанын байқауға болады.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға «Райымбек» пен «Абай» станцияларының арасында метро вагонында болған. Тәртіп сақшылары екеуін де жауапқа тартты.

«Аталған факті бойынша екі азаматқа да ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік материалдар жинақталды. Сот шешімімен әйелге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынса, ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», – делінген ПД хабарламасында.

Полиция тұрғындарды қоғамдық орындарда өзін әдепті ұстауға және өзгелерді құрметтеуге әрі дау-жанжал туғызбауға шақырады.