Алдағы үш күнде Қазақстанның үш мегаполисінде ауа райы қалай өзгереді

Елордада қар мен көктайғақ күтілсе, Шымкентте күндіз ауа температурасы +14 градусқа дейін көтеріледі

Алдағы үш күнде Қазақстанның үш мегаполисінде ауа райы қалай өзгереді
Фото: istockphoto.com

Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Елордада қар жауып, көктайғақ күтілсе, Алматыда аптаның соңына қарай жаңбыр жауады. Ал Шымкентте күндіз ауа температурасы +14 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Астанада қар жауып, көктайғақ болады

13 қарашада елордада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр болады. Түнде ауа температурасы -1–3 градус, күндіз 0 және +2 градус аралығында болады.

14 қарашада күндіз жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге жетеді. Түнде -2–4 градус аяз, күндіз 0 және +2 градус жылы болады.

15 қарашада түнде және таңертең қар жауып, көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы -3–5 градус, күндіз 0 және +2 градус аралығында сақталады.

Алматыда аптаның соңында жаңбыр жауады

13 қарашада Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы -2–4 градус, күндіз +5–7 градус болады.

14 қарашада да жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Түнде -3–5 градус аяз, күндіз +5–7 градус жылы болады.

15 қарашада күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -3–5 градус, күндіз +5–7 градус болады.

Шымкентте күн 14 градусқа дейін жылынады

13 қарашада Шымкентте жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр болады. Түнде ауа температурасы 0 және -2 градус, күндіз +7–9 градус аралығында болады.

14 қарашада жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 0 және +2 градус, күндіз +9–11 градус болады.

15 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Түнде +1–3 градус, күндіз +12–14 градус жылы болады.