Дженнифер Лопес «Бәйтеректің» алдында билеген биші қыздардың видеосын жариялады
Әлемдік әнші видеоны Instagram желісінде жариялап, қазақстандық жанкүйерлерін қуантты
Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопес әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадағы «Бәйтерек» монументінің алдында билеген қыздардың видеосын жариялап, қазақстандықтарды таң қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елордалық бишілер «Бәйтерек» монументінің жанында Дженнифер Лопестің Get Right хиті әніне би биледі. Видеожазбаның астында олар әншіге хабарлама қалдырып, оны Астана күтіп жүргенін жазды.
Әлемдік әнші видеоны Instagram желісінде жариялап, қазақстандық жанкүйерлерін қуантты.
«Астана-Аренада Джей Ломен бірге билесе, керемет болар еді», «Уау! Бұл видеоны Джей Лоның өзі жариялады», «JLo-ның Stories-ін ашсаң, Бәйтеректі көресің», «Мен таң қалдым! Jlo-ның Stories-інде «Бәйтерек!», «Мен бұл шедеврді JLo-ның өзінен көрдім», - деп жазды желі қолданушылары.