09.04.2025, 12:20
Жаңалықтар
«Ұят қайда?»: Баян Мақсатқызы Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне пікір білдірді
Продюсер әлемдік жұлдыздың концертіне хейтерлер неліктен үндемей отырғанын меңзеп, пікір білдірді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Продюсер әлемдік жұлдыздың концертіне хейтерлер неліктен үндемей отырғанын меңзеп, пікір білдірді.
«Радикалды хейтерлер мен дәстүрлі ханжалардың реакциясын күтіп отырмын. Ұят қайда, бізге ондай болмайды ғой?
Оқиғалы туризм. Жұлдыз! Уау! Біз тура жолдамыз! Жоғары профиссионализм. Харизма, талант және ашық сексуалдылық. Онсыз болмайды ғой. Ол Джей Ло емес пе?!» - деп жазды Баян Мақсатқызы.
Айта кетейік, осыған дейін әлемдік жұлдыз әнші Астанада концерт өткізетіні, одан қанша табыс түсетіні хабарланған болатын.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады