$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Филиппиндегі жанартаудың күлі көкке ұшты

Мұндай жағдайда лава ағымы, пирокластикалық ағымдар мен жаңа жарылыстар болуы мүмкін

Филиппиндегі жанартаудың күлі көкке ұшты
Фото: Филиппин институты

Филиппиндегі Канлаон жанартауының жарылысы 4 мың метрлік күл шлейфін тудырды. Пирокластикалық ағындар тіркелді, қауіп деңгейі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Филиппиннің орталық бөлігінде орналасқан Канлаон жанартауы қайта бұлқынып, күшті атқылау тіркелді. Бұл туралы елдің Вулканология және сейсмология институты (ФИВС) ресми түрде хабарлады.

ФИВС мәліметінше, вулкан осы елдің уақыты бойынша таңғы 5:51-де басталған. Атқылау кезінде жанартаудың төбесінен биіктігі шамамен 4000 метрге жететін көлемді күл ұшып, оңтүстік-батыс бағытқа қарай ығысқан.

Сондай-ақ, пирокластикалық ағымдар жанартаудың оңтүстік баурайымен төмен түскен. Атқылауға қарамастан, ФИВС жанартаудың қауіп деңгейін төртіншіге көтермей, үшінші деңгейде қалдырды. 

Канлаон жанартауы Негрос аралында, Шығыс және Батыс Негрос провинцияларының шекарасында орналасқан. Ол елдегі ең белсенді 24 жанартаудың қатарына кіреді. Соңғы рет жанартау 2023 жылдың желтоқсанында атқылаған еді.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары