Билет алдым, балаларыммен бірге Дженнифер Лопестің концертіне барамыз – Аида Балаева
Оның айтуынша, әлемдік деңгейдегі мегажұлдыздардың осындай концерттері Қазақстанды шет елдерге таныта түседі

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 1 тамыз күні өтетін әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне билет алғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрдің айтуынша, Дженнифер Лопес әлемдік мойындатқан әнші, сондықтан, оның аудиториясы да көп.
«Мен Дженнифер Лопестің концертіне қуана—қуана барамын. Өйткені, оның аудиториясы кең, әлемдік мойындатқан таланты бар. Оны өз көзімізбен көргіміз келеді. Мен билет алдым, балаларыммен бірге осы концертке барамын», - деді мәдениет министрі үкіметте өткен брифингте.
Мәдениет министрі әлемдік деңгейдегі бұндай жобалар Қазақстанды сырт елдерге таныта түсетінін, Димеш Құдайбергеннің концерті кезіндегідей шетелден көп адам келетінін айта отырып, болашақта Шакира, Лара Фабианды да өз елімізде көрсек қуанар едім деген пікірін білдірді.