Бүгін, 06:16
Оқиғалар
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
Оқиға 30 қазан күні облыстық сот ғимаратының маңында болған
Фото: Әсет Құндақбаев
Семейде облыстық сот ғимаратының маңында ер адамның қаза табу себептері анықталып жатыр. Оқиға 30 қазан күні шамамен сағат 17:00-де болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзін-өзі өртеген. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары жеткен. Алайда ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін алған күйіктерінен көз жұмған.
Абай облысының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«Адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді полиция.
Көп оқылған
30.10.2026, 12:15
Шымкентте полицей мен әйел 17 пәтердегі жезөкшеліктен күніне 2 млн теңге «табыс» тапқан: «бизнесті» 16 жастағы қыз тоқтатты
30.10.2026, 09:50
Шымкентте Өзбекстан азаматтары жүздеген млн теңгенің алтынын Түркияға алып бара жатқан жерінен ұсталды
30.10.2026, 10:04
Жол – елді жалғайтын күретамыр, ал логистика – маңызды күш: депутат Маңғыстаудағы жобаларға тоқталды
30.10.2026, 08:21
39 жерден пышақтаған: Алматыда сүйіктісін өлтірген экс-полицей 18 жылға сотталуы мүмкін
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды