Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?

Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның басым бөлігінде 31 қазанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда жекелеген өңірлерде тұман түсіп, жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +8…+10 градусқа дейін жылынады, түнде -1…-3 градус болады.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Күндіз ауа температурасы +11…+13 градус, түнде -1…-3 градус болады.

Көкшетауда да құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +8…+10 градус, түнде +0…+2 градус болады.

Павлодарда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Түнде аздаған жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +7…+9 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0…+2 градус болады.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы және тұман күтіледі. Күндіз ауа температурасы +6…+8 градусқа дейін жылынады, түнде -2…-4 градусқа дейін суытады.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +10…+12 градус, түнде -2…-4 градус болады.

Өскеменде бұлтты ауа райы болады. Түнде және таңертең қар жауып, көктайғақ болжанады. Күндіз ауа температурасы +2…+4 градус, түнде -1…-3 градус болады.

Семейде бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +5…+7 градусқа дейін жылынады, түнде 0…+2 градус болады.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Күндіз ауа температурасы +15…+17 градус, түнде -2…-4 градус болады.

Атырауда жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +16…+18 градус, түнде +3…+5 градус болады.

Ақтөбеде күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +13…+15 градусқа дейін жылынады, түнде -1…-3 градусқа дейін суытады.

Ақтауда құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +18…+20 градус, түнде +8…+10 градус болады.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +14…+16 градусқа дейін көтеріліп, түнде +1…+3 градус болады.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Ауа температурасы +20…+22 градусқа дейін жылынады, түнде +5…+7 градусқа дейін төмендейді.

Түркістанда да құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы +19…+21 градус, түнде +3…+5 градус болады.

Қызылордада аздап бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +16…+18 градус, түнде +1…+3 градус болады.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Күндіз ауа температурасы +12…+14 градус, түнде -1…-3 градус болады.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +13…+15 градус, түнде -6…-8 градусқа дейін төмендейді.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы +12…+14 градусқа дейін жылынады, түнде +1…+3 градус болады.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Күндіз ауа температурасы +9…+11 градусқа дейін көтеріліп, түнде -1…-3 градусқа дейін төмендейді.