Матч 30 қыркүйекте өтеді
Алматының «Қайрат» футбол клубы алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетіп, әлемдік алып – мадридтік «Реалға» қарсы алаңға шығады. Ойын 30 қыркүйекте Алматыда өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Чемпиондар лигасының ресми сайтында жарияланған кестеге сәйкес, «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны 30 қыркүйек күні сағат 18:45-те Алматыда басталады. Бұл кездесу қазақстандық клуб тарихындағы ең маңызды матчтардың бірі болмақ.
Алматылық клуб топтық кезеңде Еуропаның бірқатар мықты командаларымен кездеседі.
Қазақстандық клуб алғаш рет Лига чемпиондарының негізгі раундына жолдама алды. Бұған дейін «Қайрат» іріктеу кезеңінде мына қарсыластарын жеңген:
Бұл жеңістер қазақстандық футбол тарихындағы үлкен оқиға болып саналады.
Футбол мамандарының пікірінше, «Қайрат» үшін «Реалға» қарсы ойын – тек спорттық бәсеке емес, сонымен бірге қазақстандық футболдың Еуропадағы беделін арттыру мүмкіндігі.
Айта кетсек, Алматыда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің қарымта матчында «Қайрат» футбол клубы шотландиялық «Селтикті» пенальти сериясында 3-2 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті. Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында өткен «Қайрат» пен «Селтик» футбол матчы ешқандай құқықбұзушылық тіркелмеді. «Қайрат» командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алып, ең аз дегенде 18,62 миллион еуро (11,6 миллиард теңге) сыйақыға ие болды. Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Instagram парақшасында «Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуына қатысты пікір білдірді. «Қайрат» футбол командасы өз алаңында «Реал Мадрид», «Брюгге», «Олимпиакос» және «Пафос» клубтарымен ойнайды. Ал сырт алаңда «Интер», «Арсенал», «Спортинг»және «Копенгагенмен» кездеседі. Блогер Артур Аскарұлы «Қайрат – Реал Мадрид» ойынының комментаторы болады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазған. Алматыдағы тарихи матчтан соң клубтың бас бапкері мен бір күнде жұлдызға айналып шыға келген қақпашыға құрмет көрсетілді. Танымал тележүргізуші, шоумен Марат Оралғазин футбол фанаттарын Алматыда «Реал Мадридке» жанкүйер болып, әлемнің алдында масқара болмауға шақырды. «Қайрат» футбол командасы өз алаңында UEFA Чемпиондар лигасында «Реал Мадрид» командасымен ойнайтыны белгілі. Қазақстандықтар «Реал Мадрид» командасының ресми аккаунтын пікір астында қалдырды.