29.08.2025, 14:10
Оқиғалар
«Қайрат – Реал Мадрид» ойынында кім комментатор болатыны анықталды
Ойынды блогер Артур Асқарұлы жүргізеді
Фото: скриншот
Блогер Артур Аскарұлы «Қайрат – Реал Мадрид» ойынының комментаторы болады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматының танымал спорт блогері, желіде archibaaalt атымен белгілі Артур Аскарұлы «Қайрат – Реал Мадрид» футбол матчының комментаторы болатынын жазып, қуанышын қойнына сыйдыра алмаған.
Еске сала кетсек, 26 тамызда «Қайрат» сенсациялық түрде «Селтикті» жеңіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. УЕФА бұл тарихи жетістікті атап өтті және алматылық клубтың ойыншысын матчтың басты кейіпкері деп атады.
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін «Қайрат» кем дегенде 18,62 миллион еуро жүлде қаржысын иеленді.
Көп оқылған
30.08.2026, 06:23
Абылайхан Жұбаназар Лозаннада Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлады
30.08.2026, 13:23
Ұлыбританиядан Моңғолияға дейін: Кеншілер күні Қарағандыға 250 мың көрермен жиналды
30.08.2026, 22:21
Кипр жағалауында аударылған кемеде Қазақстан азаматтары бар ма: ҚР СІМ жауап берді
30.08.2026, 08:29
Жезқазғанда өнеркәсіптік кәсіпорын аумағында өрт шықты (ВИДЕО)