$ 537.63  622.52  6.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2025, 20:00
Спорт

«Қайраттың» жетістігі футболды «жек көретін» Қуат Хамитовтың да пікірін өзгертті

Алматыда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің қарымта матчында «Қайрат» футбол клубы шотландиялық «Селтикті» жеңді

«Қайраттың» жетістігі футболды «жек көретін» Қуат Хамитовтың да пікірін өзгертті
Фото: Instagram/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Instagram парақшасында «Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хамитов бұған дейін қазақ футболына мол қаржы құйылса да, еш нәтиже көрсетпейтінін айтып, қатты сынға алатын. Бұл жолы пікірі біршама өзгеріпті.

«Мен әрқашан басқалардың еңбегін құрметтеймін, сондықтан қуаныштарыңызға ортақпын! Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққандарыңыз құтты болсын! Бірақ футболға соншама ақша салынғандықтан, топқа кіруді ғана емес, нағыз айқастар мен ұялмайтын ойынды көргің келеді. Үлкен алаңда сәттілік тілеймін!», – деп жазды Хамитов.

Еске сала кетейік, Алматыда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің қарымта матчында «Қайрат» шотландиялық «Селтикті» пенальти сериясында 3-2 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті.

«Қайраттың» 21 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбеков 120 минут гол жібермеді және үш пенальтиді қайтарды.

 Глазгода (Шотландия) өткен бірінші кездесуде «Қайрат» пен «Селтик» жеңімпазды анықтай алмаған еді – 0:0. Алматылық клуб бұған дейін словениялық «Олимпияны» (екі матч бойынша 3:1), финляндиялық КуПС (3:2) және словакиялық «Слован» (1:1, пенальтиден 4:3) клубтарын ұтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары