$ 533.87  621.64  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 00:30
Спорт

Тарихи жеңіс: «Қайрат» Чемпиондар лигасында ойнайды

«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков үш пенальтиді қайтарды

Тарихи жеңіс: «Қайрат» Чемпиондар лигасында ойнайды
Фото: istockphoto.com

Алматыда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің қарымта матчында «Қайрат» футбол клубы шотландиялық «Селтикті» пенальти сериясында 3-2 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қайраттың» 21 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбеков 120 минут гол жібермей, үш пенальтиді қайтарды.

Пенальти сериясы: Айда — 0:0 (қақпашы), Громыко — 0:0 (маңдайша), Маккоуэн — 0:0 (қақпашы), Мартынович — 1:0, Энгелс — 1:1, Арад — 2:1, Макгрегор — 2:2, Сорокин — 3:2, Маэда — 3:2 (қақпашы). 

Еске сала кетейік, Глазгода (Шотландия) өткен бірінші кездесуде «Қайрат» пен «Селтик» жеңімпазды анықтай алмаған еді – 0:0.

Алматылық клуб бұған дейін словениялық «Олимпияны» (екі матч бойынша 3:1), финляндиялық КуПС (3:2) және словакиялық «Слован» (1:1, пенальтиден 4:3) клубтарын ұтқан болатын.

Осылайша «Қайрат» тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнайды.

Серіктес жаңалықтары