27.08.2025, 08:25
Спорт
Бокстан әлем чемпионаты: жарыс бағдарламасы белгілі болды
Қазақстан құрамасы толық құраммен қатысады
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет
4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше аталмыш додаға Қазақстан құрамасы толық құраммен қатысады. Спортшылар тізімі төмендегідей:
Ерлер:
- 50 келі: Санжар Тәшкенбай
- 55 келі: Махмұд Сабырхан
- 60 келі: Бейбарыс Жексен
- 65 келі: Ертуған Зейнуллинов
- 70 келі: Төрехан Сабырхан
- 75 келі: Сабыржан Аққалықов
- 80 келі: Нұрбек Оралбай
- 85 келі: Бекзат Нұрдәулетов
- 90 келі: Сағындық Тоғамбай
- + 90 келі: Айбек Оралбай
Әйелдер:
- 48 келі: Назым Қызайбай
- 51 келі: Алуа Балқыбекова
- 54 келі: Элина Базарова
- 57 келі: Карина Ибрагимова
- 60 келі: Виктория Графеева
- 65 келі: Аида Әбікеева
- 70 келі: Наталья Богданова
- 75 келі: Надежда Рябец
- 80 келі: Гүлсая Ержан
- + 80 келі: Елдана Тәліпова
Ұйымдастырушылар жарыс бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама бойынша:
- 4-10 қыркүйек аралығында алдын ала жекпе-жектер;
- 12-14 қыркүйек аралығында жартылай және финалдық бәсекелер жоспарланған.
Айта кетейік, кестеде өзгерістер орын алуы мүмкін. Нақты уақыт жеребе тартылған күні белгілі болады. Кестемен толығырақ мына жерден танысуға болады.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды