«Қайрат» Чемпиондар лигасында қай командалармен ойнайтыны белгілі болды
«Реал Мадрид» Алматыға келеді

Монакода UEFA Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қайрат» футбол командасы өз алаңында «Реал Мадрид», «Брюгге», «Олимпиакос» және «Пафос» клубтарымен ойнайды. Ал сырт алаңда «Интер», «Арсенал», «Спортинг» және «Копенгагенмен» кездеседі.
Еске сала кетейік, 27 тамызда «Қайрат» Алматыда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің қарымта матчында шотландиялық «Селтикті» пенальти сериясында 3-2 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өткен болатын.
«Қайраттың» 21 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбеков 120 минут гол жібермей, үш пенальтиді қайтарды.
Пенальти сериясы: Айда — 0:0 (қақпашы), Громыко — 0:0 (маңдайша), Маккоуэн — 0:0 (қақпашы), Мартынович — 1:0, Энгелс — 1:1, Арад — 2:1, Макгрегор — 2:2, Сорокин — 3:2, Маэда — 3:2 (қақпашы).
Глазгода (Шотландия) өткен бірінші кездесуде «Қайрат» пен «Селтик» жеңімпазды анықтай алмаған еді – 0:0. Алматылық клуб оған дейін словениялық «Олимпияны» (екі матч бойынша 3:1), финляндиялық КуПС (3:2) және словакиялық «Слован» (1:1, пенальтиден 4:3) клубтарын ұтқан.
Осылайша «Қайрат» тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнайды.