27.08.2025, 11:39
Жаңалықтар
«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін 11,6 млрд теңге сыйақы алды
Ал топтық кезеңде әрбір жеңіс үшін 2,1 миллион еуро қарастырылған
Фото: Qazsport эфирінен скрин
Алматының «Қайрат» командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алып, ең аз дегенде 18,62 миллион еуро (11,6 миллиард теңге) сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл сома – турнирдің топтық кезеңіне шыққан барлық командаға нәтижесіне қарамастан берілетін сыйақы.
Сонымен қатар, топтық кезеңде әрбір жеңіс үшін 2,1 миллион еуро (шамамен 1,3 млрд теңге), ал тең ойын үшін 700 мың еуро (436 млн теңге) қарастырылған.
Еске салайық, «Қайрат» плей-оффта «Селтикті» жеңіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен еді. УЕФА алматылық клубтың тарихи жетістігін және матч қаһармандарын ерекше атап өтті.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты