$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.01.2020, 10:32
Саясат

Тоқаев: Иран билігінің өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды

ҚР Президенті Иран билігінің әуе апатына байланысты кінәсін мойындауына қатысты пікір білдірді

Тоқаев: Иран билігінің өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран билігінің әуе апатына байланысты өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy .

«Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек», - деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Еске салсақ, «Украина халықаралық әуежолы» компаниясының Boeing 737-800 ұшағы 8 қаңтар күні таңғы уақытта Тегераннан Киевке ұшып шыққан сәтте апатқа ұшыраған еді. Әуе кемесінің бортында болған 180 адам түгелдей қаза тапқан.

Ал 11 қаңтар күні таңертең Иран билігі украиналық ұшақты қателесіп атып түсіргенін мәлімдеген болатын.

Артынша Иран Қорғаныс күштерінің элиталық бөлімшесі Тегеран түбіндегі украиналық ұшақ апаты үшін жауап беруге әзір екенін мойындады

Серіктес жаңалықтары