$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.01.2020, 11:02
Саясат

Қазақ-қырғыз шекарасында елшілік қызметкерінің ұсталғаны рас па – министрлік жауабы

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі елшілік қызметкері туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Қазақ-қырғыз шекарасында елшілік қызметкерінің ұсталғаны рас па – министрлік жауабы

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің қызметкері шекарада ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Кеше екі елдің БАҚ беттерінде қазақ-қырғыз шекарасында Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің әкімшілік-техникалық персоналының қызметкері ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Ол алаяқтық жасады деп айыпталған қазақстандық әйелді дипломатиялық нөмірі бар автокөлікпен шекарадан шығармақ болды делінген еді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл оқиғадан хабардар екенін айтты. Алайда, елшілік қызметкерін ешкім ұстамағанын нақтылады.

«10 қаңтарда қырғыз тарапында «Ақ жол – Қордай» мемлекеттік шекарасының бақылау-өткізу пунктінде Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің әкімшілік-техникалық персоналы қызметкерімен болған жағдайды растаймыз. Қазір қырғыз тарапымен бірлесіп бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз», - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Министрлік өкілінің айтуынша, қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы толық мағлұмат кейінірек хабарланады.


Дереккөз:sputniknews.kz

Серіктес жаңалықтары