Тоқаев танымал тележүргізуші Анна Данченконы «Құрмет» орденімен марапаттады

Ол елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды

Тоқаев танымал тележүргізуші Анна Данченконы «Құрмет» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал тележүргізуші Анна Данченконы «Құрмет» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысының жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды:

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы

  • Құрманбайұлы Шерубай – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ вице-президенті, Астана қаласы;

«Ел бірлігі» ордені

  • Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ орталық кеңесінің мүшесі, Астана қаласы;

«Құрмет» ордені

  • Габерман Эльдана Александровна – Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің солисі;
  • Данченко Анна Александровна – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ оқытушысы, Алматы қаласы;
  • Манкеева Жамал Айтқалиқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;
  • Рысберген Қыздархан Құрмашқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы.

«Ерен еңбегі үшін» медалі

  • Кузнецов Максим Александрович – «Кустовое негізгі мектебі» КММ мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы;
  • Әбілқасымов Бекзада Пәкизадаұлы – «Bilim Group» компаниялар тобының бас заңгері, Астана қаласы;
  • Әубәкіров Ержан Бейсембекұлы – «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорының президенті, Астана қаласы;
  • Құрманжан Анар – «BMG UpSkill» компаниясының жоба жетекшісі, Астана қаласы.

«Шапағат» медалі

  • Кравчук Евгений Анатольевич – «Юрий Гагарин атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі, Жамбыл облысының Байзақ ауданы;
  • Лагуткина Юлия Николаевна – қазақ тілі оқытушысы, Көкшетау қаласы;
  • Пимичева Анель Витальевна – «Qostanai TV» телеарнасының редакторы, Қостанай облысы;
  • Фролов Александр Игоревич – музыкант, әнші, Қостанай облысы.