Бүгін, 15:23
AR trend

Мақпал Жүнісова тойына шақырмағаны үшін Мейрамбек Бесбаевқа өкпесін айтты (ВИДЕО)

Мейрамбек Бесбаев 50 жасқа толған туған күнін дүркіретіп өткізді

Мақпал Жүнісова тойына шақырмағаны үшін Мейрамбек Бесбаевқа өкпесін айтты (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесі Мейрамбек Бесбаевқа мерейтойына шақырмағаны үшін өкпесін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Дайректке көбі жазып жатыр, «Сіз неге Мейрамбектің тойында болмадыңыз?» деп. Мейрамбек маған кеше айтты, біріншіден. Содан кеш болып кетті», – дейді Мақпал Жүнісова.

Ол сөзін жалғай отырып, Мейрамбек Бесбаевқа жылы лебізін жеткізді.

«Мейрамбекжан, жүзден асып кет. Берерің көп болсын! Отбасың аман болсын! Амандықта, жақсылықта тойлатып жүре беріңіздер!» – деп әнші тілегін қысқа қайырды.

Айта кетейік, жуырда «МузАрт» тобының мүшесі Мейрамбек Бесбаев 50 жасқа толған туған күнін дүркіретіп өткізген.