Бүгін, 11:10
AR trend

Әйгілі АБК тобы қайта қосылды ма: олар «Тамшылар» әнін бірге шырқады (ВИДЕО)

Олардың «Тамшылар» әнін орындаған сәті әлеуметтік желіде жарияланды

Әйгілі АБК тобы қайта қосылды ма: олар «Тамшылар» әнін бірге шырқады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

30 жылға жуық уақыт бұрын ел арасында танымал болған АБК тобы қайта қосылды ма? Әйгілі топ бірнеше күн бұрын елге танымал «Тамшылар» әнін қайта орындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған видеоға назар аударсақ, бұл топ 30 жылға жуық уақыт салып, әнші Мейрамбек Бесбаевтың мерейтойында ел алдына шыққан.

Олардың бұл орындауына желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Ерлан Көкеев не айтып тұрғаның өзі біле ме, Медеу Арынбаев қана қиналмай айтып тұр», «Медеу ғана айтып тұр, екеуінің тамырлары үзіліп кете ме деп қалдым», «Медеу Арынбаев керемет. Дауысы жақсы», «Әннің де естісі бар, есері бар, тыңдаушының құлағын кесері бар, деп Абай атамыз айтқандай...» – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, АБК тобы 1996 жылы құрылған. Құрамында Медеу Арынбаев, Қыдырәлі Болманов, Ерлан Көкеев болды. Ел арасында танымал болған «Тамшылар» әні де осы жылдары шыққан.