«Қуанып отыр»: Олжас Абай анасының Бадықованы келін ретінде қалай қабылдағанын айтты (ВИДЕО)
Ол сөз арасында ел аузындағы «біреудің әйелін тартып алып, бақытты болып жатыр» деген сұраққа жауап берді
Танымал актер Олжас Абай экс-жұбайы Аймира Аманмен қарым-қатынасы, жуырда ғана үйленген актриса Дариға Бадықованы анасы қалай қабыл алғаны жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол өз сөзінде бұрынғы жұбайы, екі баласының анасы Аймира Аманмен қарым-қатынасы жайлы сөз қозғады.
«Барлығы жақсы. Осындай дүние, осындай той жасап отырып, бір жағым жақсы, екінші жағым ақсап тұрған жоқ. Бәрі реттеулі. Әкелік парызым, бәрі өз орнымен. Ол жақта ешқандай қиындық жоқ», – дейді актер.
Ол өз сөзінде ел аузындағы «біреудің әйелін тартып алып, бақытты болып жатыр» деген сұраққа жауап берді.
«Бұл біріншіден, дұрыс емес ұғым. Біреудің әйелін тартып алудан Құдай сақтасын. Егер шын мәнінде солай болса, біреу келіп айтар еді. Бетіме ешкім айтпаған соң бұл сөз дұрыс емес. Бәрі ретімен, уақытымен (ред. – Дариға екеуінің некесі), сараптала келген дүние. Біреудің ойымен тұжырым жасай салу ұят болады. Бұл жерде ұят болатындай іс болған емес», – дейді Олжас Абай.
Актер сөзін жалғай отырып, Дариға Бадықованы анасы келін ретінде қалай қабыл алғанын да қозғап өтті.
«Үйдегілер расымен де қуанып отыр. Себебі, анамның қуанатынындай бар. Көшеде жүріп қалғаныма біраз уақыт болып қалыпты. Кейінгі уақыттары жалғыздықтан ұялып, тіпті достарымның тойына да бармайтын болған едім», – дейді Дариға Бадықованың жұбайы.
Айта кетейік, осыған дейін Олжас Абай бұрынғы жұбайы Аймира Аманның екі баламен үйде отырғаны туралы айтқаны хабарланған.