«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
Ол өзінің қазір өзгергенін, мүлдем басқа адам болғанын айтты
Актриса, бірнеше фильм түсіріп, кассасы 1 млрд теңгеден асқан Дариға Бадықованың жаңа күйеуі Олжас Абай ел білмейтін сырын жайып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актер қазір жақсы жаққа қарай өзгергенін айтып ағынан жарылды.
«Олжас соңғы үш-төрт жылда ғана есін жинады. Олжас қайда бара жатқанын, не болып жатқанын білетін адам. Арманы биік, мақсаты асыл. Ендігі мақсат – қолынан келгенше осы білгенін, жинаған тәжірибесін өзгеге үйретіп, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйреніп, алдыға басу ғана», – дейді актер.
Ол өмірінің соңғы 10 жылындағы қарызы туралы да сыр бөлісті.
«Қарыз болғанда, біразға дейін әкеттік. Шамамен 100-150 миллионға дейін болды. Олардың бәрін толықтай қайтардым. Бұл қаржылық құрдымға жатады. Құдайға шүкір, қазір қарызым жоқ. Өткен-кеткенге бармайық. Мен қазір басқа Олжаспын. Өткен шақ бітті. Қазіргі өмір қызығырақ», – деп Олжас Абай ағынан жарылды.
Айта кетейік, жуырда Олжас Абай мен актриса Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізгені хабарланған.