Әлем 17 қараша күні қараң қала ма: Қазақстанның құтқарушылары желідегі қауесетке жауап берді

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қауесеттің шындыққа жанаспайтынын айтып, жоққа шығарды

Әлем 17 қараша күні қараң қала ма: Қазақстанның құтқарушылары желідегі қауесетке жауап берді
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Әлеуметтік желілерде 17 қарашадан бастап жаһандық интернет үш айға өшеді деген ақпарат тарады. Жалпы, фейк ақпарат таратқандар дәл сол күні хакерлік шабуыл жасайтынын, банк жүйелері бұзылатынын, сондықтан азаматтарды шоттарындағы ақшаны қолма-қол шешіп алуға, азық-түлік пен су алып алыңыздар дегенге үндейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі осы ақпаратқа қатысты мәлімдемесінде қауесеттің шындыққа жанаспайтынын айтып, жоққа шығарды.  

Ведомство өкілдері кибершабуыл, банк жүйелерінің істен шығуы немесе байланыстың үзілуі мүмкін екені туралы ешқандай ескерту таратпағанын мәлімдеді.

Сонымен қатар ТЖМ өкілдері азаматтарға үйде кемінде 72 сағатқа жететін азық-түлік, су және қажетті заттар қорын, яғни төтенше жағдайға арналған сөмке дайындап қоюға кеңес берді. Бірақ, бұның желіде таралып жатқан фейк ақпаратқа қатысы жоқ екенін баса ескертті.