Бүгін, 16:32
Жаңалықтар
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Фото: Әлеуметтік желіде тараған видеодан скрин
Жетісу облысының Текелі қаласында жолаушылар өткелінен өтіп бара жатқан 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті. Мектеп оқушысы алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Полиция департаменті қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Volvo маркалы экскаватордың жүргізушісі қамауға алынды.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаментінің бақылауында», – делінген ПД хабарламасында.
Полиция жүргізушілерге жолаушылар өткеліне жақындаған тұста абай болу керектігін, бағдаршам белгісін қатаң сақтау екенін ескертті.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды