Бүгін, 16:09
Оқиғалар
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды
Фото: freepik.com
Павлодарда мектепте оқып жүрген екі оқушының зорланғаны туралы ақпарат тарады. Полицияға бұл мәліметті мектептің өзі хабарлаған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаменті күдіктілердің ұсталып, қамауға алғанын хабарлады.
«Күдіктілер анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – делінген Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Полиция тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялаған жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін Павлодарда ер адам өгей екі қызын зорлап, ВИЧ жұқтырғаны үшін өмір бойына сотталғаны хабарланған.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды