«Менің жұмысым шай ішіп беру»: Димаш Құдайберген ұшақта «ерігіп» тұрған сәтін көрсетті (ВИДЕО)
Қазақтың әйгілі әншісі қазір DIMENSIONS әлемдік турында жүр
Бүкіл әлемге танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі, қазақтың әні мен домбырасын жер жаһанға паш етіп жүрген Димаш Құдайберген өзінің қарапайымдылығымен таң қалдыруды тоқтатар емес. Әлемдік DIMENSIONS туры кезінде Латын Америкасына ұшып бара жатқан әнші достарының ұшақта да демалмайтынын көрсетіп, өзін олардан төмен қойған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл қызықты видеоны домбырашы дуэт Темірлан мен Ернат әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жүктеген. Бұның алдында домбырашылар Димаштың Мадридтегі концертінде күй шертіп, испан жұртын таң қалдырған еді.
Испаниядан кейін Латын Америкасына жол тартқан олар алыс жолда күй шертіп, күйлерін жаңадан өңдеп, уақытты бос өткізбейтін көрінеді. Тіпті арасына сыбызғышыны қосып, күйлерге жаңа үн беріп жатыр.
«Гастрольдік сапарлар арасында жол үстіндегі әдемі сәттерімізді, ерекше көңіл күйімізді сіздерге көрсеткіміз келеді. Кейде ең қызықты әрі ұмытылмас сәттер дәл осындай сапарлар арасында өтеді. Алдымызда - Латын Америкасы», - деп жазған өнерпаздар.
Бұл әсем видеода Димаш Құдайберген достарының өнеріне қошемет танытып, еңбекқор жандардың арасында тек өзі ғана «ерігіп тұрғанын» меңгезен.
«Менің жұмысым шай ішіп беру», - дейді қолына кесесін алған Димаш әзілдей. Шайдан кейін Димаш күйдің үніне қошемет танытып, достарына қол шапалақтайды.