08.01.2020, 11:40
Оқиғалар
Тегерандағы ұшақ апатынан тірі қалғандар жоқ
Тегеран әуежайы маңында болған украиналық Boeing-737 ұшақ апаты салдарынан борттағы 170 жолаушының бәрі қайтыс болған
Фото: ашық дереккөзден
Борттағы экипаж мүшелері де қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
«Өрттің күшті болғаны соншалық, ешкімді құтқара алмадық... Оқиға орнында 22 жедел жәрдем көлігі, төрт автобус және тікұшақ барды», - дейді жергілікті телеарнаға сұхбат берген Иран төтенше жағдай қызметінің басшысы.
Ирандық IRNA ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 170 жолаушы болған. Бұл туралы ирандық БАҚ-қа Иран құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Моджтаба Кхаледи хабарлаған. Еске салайық, бүгін таңертең Имам Хомейни халықаралық әуежайынан (Тегеран қаласы) ұшып шыққан украиналық әуе компанияның жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
