08.01.2020, 10:06
Жаңалықтар
Шұғыл: Тегеранда 180 адам мінген украиналық ұшақ апатқа ұшырады
Әуе кемесі отқа оранды
BBC агенттігіның хабаралуынша украиналық "Боинг 737" ұшағының бортында шамамен 180 адам болған. Ұшақ Тегеранның халықаралық әуежайынан әуеге көтерілген бетте құлағаны айтылады.

Ирандық «Tasnim» агенттігінің хабарлауынша ұшақ техникалық ақауларға байланысты құлаған. Ирандық БАҚ әуежай басшылығы апат болғанын растады деп хабарлады. Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.
«Ұшақ жанып жатыр. Мүмкін, кейбір адамдарды құтқарып қаламыз»,- деді Иран құтқару қызметінің басшысы Прихосейн Куливанд.
Ұшақ «Халықаралық Украина әуежолдары» компаниясына тиесілі. Жолаушы ұшақтарының бағытын бақылайтын Flightradar24 сайты «Боинг» Тегераннан жергілікті уақыт бойынша таңертең ұшқанын жазды. Ол туралы соңғы дерек 2 минуттан кейін түскен.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды