08.01.2020, 10:44
Оқиғалар
Әуежай маңында жолаушылар автобусы өртенді
Нұр-Сұлтан қаласында №12 бағыттағы жолаушылар автобусы өртенді, зардап шеккендер жоқ
фото: facebook
Өртеніп жатқан автобустың видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бұл жағдайға байланысты «Астана LRT» өкілі жауап беріп, зардап шеккендер жоқ екенін айтты.
«Бүгін таңертең сағат 9-да елордадағы халықаралық әуежайдың алдында 12-бағыттағы жолаушылар автобусы өртенді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда», - деп жазды «Астана LRT» қоғаммен байланыс департаментінің директоры Науат Азанбаева.
Көп оқылған
14.09.2026, 11:08
«Шайырдың шалдары, қайдасыңдар?»: Маңғыстаудағы айтысқа мас шыққан «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов жазаланды
14.09.2026, 11:48
Жамбыл облысында дронның көмегімен ер адамның бүтін бір есірткі алқабын өсіргені анықталды (ВИДЕО)