Ерейментау әкімдігінің қызметкерлері аза тұту күні асыр салып тойлаған

Мемлекет басшысы Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Ерейментау әкімдігінің қызметкерлері аза тұту күні асыр салып тойлаған
фото: mapio.net

Ақмола облысының Ерейментау ауданы әкімдігінің қызметкерлері жалпыұлттық аза тұту күні жаңа жыл тойлапты. Ұшақ апатына қатысты жарияланған қаралы күндегі олардың бұл әрекеті тұрғындардың ашу ызасын туғызған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Басшылардың бассыздығына ашынған ерейментаулықтар полицияға хабарлапты. Бірақ оларды тоқтатқан ешкім болмаған. Сол күні президент жарлығымен аза тұту күні жарияланып, республика бойынша ойын-сауық іс шаралары кейінге шегерілген еді.

«Бірақ, Ерейментау ауданының әкімі мен қызметкерлері бұл қайғылы жағдайға да, президент жарлығына да селт етпеген сыңайлы. Жаңа жылдық кеште жергілікті мәслихат депутатының мейрамханасында асыр салып той тойлаған», - делінген ақпаратта.

Аудан әкімі болып тағайындалғанына бір жыл да болмаған Абай Әлжанов сол кеште әйелімен бірге «туған күнде болдым» деп отыр.

«Бір туыстардың туған күнінде болдық. Мен кірдім де, шықтым, бір туысымның... несіне...  жолдасыммен. Беретінімді беріп,құттықтап шықтым», - дейді Ерейментау ауданының әкімі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.