07.01.2020, 15:53
Оқиғалар
ШҚО-да тау жынысы басып қалған шахтадағы жұмысшы құтқарылды
Бұл туралы «Казцинк» ЖШС Facebook парақшасында жазды
Фото: ашық дереккөзден
ШҚО Риддер қаласында опырылған тау жынысында қалып қойған жұмысшы екі күннен соң құтқарылды. Бұл туралы «Казцинк» ЖШС Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«7 қаңтар күні сағат 03.00 шамасында құтқару тобының бірлескен қимыл-әрекетінің нәтижесінде кенші шахтадан аман-есен шығарылды. Оның денсаулық жағдайы қалыпты. Толықтай тексеруден өту үшін ауруханаға жіберілді», – деп хабарланды «Казцинк» ЖШС-нің Facebook парақшасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін 5 қаңтар күні «Казцинк» ЖШС-ға қарасты Риддер тау-кен байыту кешенінің Риддер-Сокольный кенішіндегі учаскелердің бірінде тау жынысы опырылып, шахтадағы 1 жұмысшы сыртқа шыға алмай қалғанын хабарлаған едік.
Көп оқылған
21.04.2026, 10:47
«Мұғалімдердің бәрі бірдей ерекше балалармен дұрыс қарым-қатынас орната алмайды»: Бектенов Сүлейменоваға жаңа тапсырма берді
21.04.2026, 13:49
Қазақстанда зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі тағы да көтерілуі мүмкін
21.04.2026, 16:37
Астанада бұрынғы қызына 150 рет қоңырау шалған жігіт 100 сағат бойы көше тазалайтын болды
21.04.2026, 11:50
«Жүйе қателесті»: BI Group клиенттен алдымен «сүйінші» сұрап, он күннен кейін баспанасын алып алған