$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада Дженнифер Лопестің концерті кезінде жол қозғалысы шектеледі

Концерт 1 тамыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді

Астанада Дженнифер Лопестің концерті кезінде жол қозғалысы шектеледі
Фото: instagram.com/jlo/

1 тамыз күні «Астана Арена» стадионында американдық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Бұл – Up All Night атты әлемдік тур аясындағы шоу. Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, концертке байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

  • Қозғалыс «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегінің жанындағы жолдарда шектеледі.
  • Шараға келетін қонақтардың қауіпсіздігі мен ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында бұл шешім қабылданған.

Көлік қоятын орындар мен балама нұсқалар

Концертке келетін тұрғындар үшін бірнеше тұрақ алаңдары ұсынылады:

  •  «Астана Арена» аумағы,
  • «Алау» мұз сарайы,
  • «Барыс Арена»,
  • «Сарыарқа» велотрегі,
  • Ботаникалық бақ (Бұқар жырау мен Орынбор көшелері жағынан),
  • Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойы және басқа да жақын тұрақтар.

Қала бойынша шаттлдар ұйымдастырылады

Қонақтардың стадионға еркін жетуі үшін қала ішінде шаттл автобустар жүреді. Олар келесі бес нүктеден қатынайды:

  • Астана циркі тұрағы,
  • «Хазрет Сұлтан» мешіті тұрағы,
  • «QAZAQSTAN» спорт кешені тұрағы,
  • Орталық саябақ (Тұран даңғылы жағынан),
  • «Бас мешіт» тұрағы.

«Шаттлдар концерт басталғанға дейін және аяқталған соң кері бағытта қатынайды. Жол кептелісін болдырмас үшін қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық көлікпен жетуді ұсынамыз», – делінген әкімдік хабарламасында.

Контекст

Айта кету керек, Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында осы жазда Қазақстанның астанасында өнер көрсетеді. «Астана концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Үкімет отырысында осы шараның Қазақстанға пайдасы туралы айтып берді. Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев Дженнифер Лопестің Астанада болатын концертіне бармайтынын айтты. Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне пікір білдірді.

Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билеттері сатылымға қашан шығатыны белгілі болды. Кейін Дженнифер Лопестің концертіне билет сататын сайт «құлап қалды». «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Астанаға неге дәл Дженнифер Лопестің келе жатқанын түсіндірді. Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінің билеттері бірнеше сағаттабітіп қалды. Freedom Ticketon компаниясы Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билетті басқа сайттардан сатып алудың салдары қандай болатынын түсіндірді. Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билет сатып алған шамамен 200 көрерменге толық өтемақы қайтарылады. Freedom Ticketon Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып алу кезінде туындаған мәселелерге қатысты қабылданған шешімдерді мәлім етті. Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопес әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадағы «Бәйтерек» монументінің алдында билеген қыздардың видеосын жариялап, қазақстандықтарды таң қалдырды. Freedom Holding Corp компаниясының басшысы Тимур Турлов әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне билеттер сатыла бастағаннан кейін холдингтің құрамына кіретін Тикетон билеттерін сату қызметінің мәліметтер базасының ақаулары туралы айтты.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева  әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне билет алғанын айтты. Одан кейін Дженнифер Лопес Қазақстанның бір емес, екі қаласында концерт беретінібелгілі болды. Әлемдік әншінің Алматыдағы концертіне арналған билет сатыла бастады. Tiketon.kz сайты сатып алғысы келген адамдарды онлайн кезекке қойды

Серіктес жаңалықтары