$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

49 мың доллар, 15 мың еуро, 8600 фунт стерлинг. Ресей азаматы елордада контрабандалық валютамен ұсталды

Тәркіленген қаржы мемлекет пайдасына өтті

49 мың доллар, 15 мың еуро, 8600 фунт стерлинг. Ресей азаматы елордада контрабандалық валютамен ұсталды
фото: minfin.com.ua

Қазақстандық шекарашылар елордадан Варшаваға қомақты көлемдегі контрабандалық валютамен өтпек болған Ресей азаматын ұстады. Шетел азаматынан тәркіленген қомақты қаржы сот шешімімен мемлекет пайдасына өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 сотының үкімімен Ресей Федерациясының азаматшасы 49 650 АҚШ долларды, 15 000 еуроны және Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің 8 600 фунт стерлингті контрабандалық жолмен әкеткені үшін кінәлі деп танылды.

Шетел азаматының декларацияланбаған қаржысын елордадан Варшава қаласына ұшып шыққан кезде шекара қызметкерлері анықтады.

«Қылмыстық істі қарау шеңберінде сот ақша қаражаты түріндегі контрабанда заттарын иесіне қайтарылуға жатады деген қате қорытынды жасады. Үкім прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша ҚПК-нің 118-бабының 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес түзетілді, шетел валютасы мемлекет пайдасына тәркіленді», - деп көрсетті Бас көлік прокуратурасы.

Серіктес жаңалықтары