Бүгін, 20:39
Оқиғалар
Қараңғыда велосипедпен жолға шыққан: Қостанайда КамАЗ қарияны қағып кетіп, мерт қылды
Қайғылы жол апаты Алматы – Екатеринбург тасжолында болған. Полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: istockphoto.com
Қостанай облысында КамАЗ 70 жастағы велосипедшіні қағып, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қайғылы жол апаты Алматы – Екатеринбург тасжолында болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Қарабалық ауданында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ жүргізушісі қараңғы уақытта жолда өзімен бір бағытта қозғалып келе жатқан 70 жастағы велосипедшіні қағып кеткен.
Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Қазір полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
