Ақтөбеде тәртіп сақшылары қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті (ВИДЕО)
Оқиға Ақтөбе – Астрахань автожолында болған
Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шыққан шетелдік азаматқа полицейлер уақытылы көмек көрсетті. Оқиға Ақтөбе – Астрахань автожолында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тәртіп сақшылары қызмет атқару барысында ауа райының күрт нашарлауына қарамастан жолын жалғастырып келе жатқан жаяу жүргізушіні байқаған.
Белгілі болғандай, ер адам Бішкек қаласынан ұмра қажылығын өтеу үшін жолға шыққан. Алайда жолдағы қатты жел мен жаңбыр оның сапарын қиындатқан.
Тәртіп сақшылары жолаушының жағдайына бейжай қарамай, оны Темір ауданына қарасты Жақсымай ауылы маңындағы кемпингке қауіпсіз жеткізді. Енді ол ауа райы жақсарғанша жылы жерде аялдай алады.
Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің азаматтығы мен ұлтына қарамастан, қиын жағдайға тап болған әрбір адамға көмек қолын созуға дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
