Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады

Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
Фото: скриншот

Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолында болған ауыр жол-көлік оқиғасы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Қауіпті маневр жасаған көлік салдарынан болған апаттан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы республикалық маңызы бар автожолдың 92-шақырымында болған. Hyundai көлігінің жүргізушісі маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбестен қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан Volkswagen автокөлігімен бүйірлік соқтығыс болған.

Жол апаты салдарынан төрт адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайы мен қатысушылардың кінә дәрежесін анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.