Полиция Алматы барахолкасында қақтығыс жасауға шақырғандарды анықтады

Министр орынбасары олардың ұсталмағанын, бірақ аты-жөні анықталғанын айтты

Полиция қызметкерлері Алматы «барахолкасында» қақтығыс жасауға шақырған арандатушыларды анықтады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен соң Калайчиди тілшілер сұрағына жауап берді.

«Олар ұсталды деп айта алмаймын, бірақ жеке тұлғалары анықталды. Оларға қатысты барлық жұмыстар атқарылады. Себебі, олардың хабарламаларында әкімшілік те, қылмыстық та құрам бар», - деп атап өтті ол.

Еске сала кетсек, 7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы оқиғаның бұзақылық екенін, оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын айтты.

8 ақпан күні ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 40-тан астам адам зардап шеккенін, қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар 47 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы осы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, жаппай төбелес барысында қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды.

9 ақпан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері мен арандатушылардың жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Загрузка новостей...
Сұхбат
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты
Қазақстан ЖОО-ларында 17 мыңға жуық Өзбекстан азаматы білім алып жүр