Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы оқиғаның бұзақылық екенін айтты
Мемлекет басшысы Қордайдағы оқиғаға байланысты пікір білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы оқиғаның бұзақылық екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масанчи ауылында жаппай төбелес болған еді. Жамбыл облысының Полиция департаменті тек қана ресми ақпаратқа сеніп, өсек пен жалған ақпарат таратпауды сұрады.
Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) February 7, 2020