ШұғылҮржар ауданында күдікті полиция бөлімінде қайтыс болды

Ауа райы қолайсыздығына байланысты 3 облыста автожолдар жабылды

Қазіргі уақытта ұзындығы 873 шақырымды құрайтын 6 жол бөлігі жабылған

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш облысында тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.  

«ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабайдың хабарлауынша, үш облыс бойынша ұзындығы 873 шақырымды құрайтын 6 жол бөлігі жабылған. Бұл республикалық маңызы бар барлық жолдардың 3,5 пайызын құрайды.

Қазіргі уақытта тасжолдарда 654 техника бірлігі жұмыс істеп жатыр.   

Сонымен, мына автожолдарда жол қозғалысына шектеу қойылған: 

Үшарал – Достық, 83-184-ші км, Көктұма ауылы – Достық ауылы учаскесі. 

Алматы – Өскемен, 971-1068-ші км, Қалбатау ауылы – Қасым Қайсенов ауылының бұрылысы учаскесі.

Омбы – Майқапшағай, 587-733-ші км, Павлодар облысы – Семей қаласы шекарасы учаскесі.

Өскемен – Семей, 10-198-ші км, Герасимовка ауылы – Семей қаласы учаскесі.

Омбы - Майқапшағай, 756-906-ші км, Семей қаласы – Қалбатау ауылы учаскесі.

Омбы - Майқапшағай, 426-587-ші км, Кенжекөл ауылы – Шығыс Қазақстан облысы шекарасы учаскесі.