09.02.2020, 17:32
Жаңалықтар
ТЖД: Оңтүстік облыстардағы таулы аймақтарды су басуы мүмкін
9-12 ақпан күндері таудағы қар еріп, төмен ағуы ықтимал
Фото: ашық дереккөзден
Елімізде ауа райының күрт жылынуына байланысты 9-12 ақпан күндері оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында қар еріп, беткейлі ағын қалыптасуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстанда күн жылынып, жылы ауа температурасы сақталып отыр. Алдағы күндері жауын-шашын, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауы мүмкін. Осыған байланысты Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласының таулы аймақтарында 9-12 ақпан күндері таудағы қар еріп, төмен ағуы мүмкін. Осылайша беткейлі ағын қалыптасу қаупі бар», - делінген ТЖД хабарламасында.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді